Қазақстанның IT саласын дамытуға үлесін қосқан 10 жас стартап иелері
Қазақстанда табысты және белсенді жұмыс істейтін стартаптарды құрған жас кәсіпкерлерді қарсы алыңыз.
Автор материала - Mansur Ismagulov
The Tech AI
Читайте главное за несколько секунд - краткий пересказ от The Tech AI.
В списке представлены казахстанские предприниматели и их стартапы: Мұрат Әлиханов (1Fit), Яна Тен (ZebraEye), Лаура Ералиева (YAYA), Әділхан Рахымбеков (Abay Academy, обучил 20 000 студентов), Магзум Төлеш (EasyTap), Адмет Ахтер (Introdex, Akhter Studios), Асет Хасенов (Biny.co), Мадияр Төлеуғали (UvU), Тота Сматова (CheckDoc) и Жанаділ Талдыбаев (CodiPlay). Некоторые проекты вышли на рынки Великобритании, Узбекистана и Кыргызстана.
Мұрат Әлиханов, @amuriarty
Кәсіпкер, бизнес-стратег, CEO және 1Fit қосымшасының негізін қалаушыларының бірі. Ол өзінің инновациялық тәсілімен және тұрақты қаржылық моделінің арқасында Орталық Азиядағы ең жылдам дамып келе жатқан стартап иесі ретінде танымал.
Яна Тен, @yanaten.kr
ZebraEye компаниясының CEO және негізін қалаушыларының бірі. Стартап сирек кездесетін көз ауруларын жасанды интеллект арқылы диагностикалау арналған медициналық технология құралы.
Лаура Ералиева, @llaucam
YAYA қосымшасының СЕО және негізін қалаушысы. YAYA — бүкіл ел бойынша балаларға арнлаған түрлі спорт, дамыту және ойын-сауық орталықтарына бірыңғай абонемент сатып алуға мүмкіндік беретін қосымша.
Әділхан Рахымбеков, @rakhimbekovkz
Abay Academy СЕО және негізін қалаушыларының бірі. Бұл жоба алты жыл ішінде 20 000-нан астам оқушы оқыған, Қазақстанның ең жылдам дамып келе жатқан білім беру жобаларының бірі.
Магзум Төлеш, @magzum_tolesh
EasyTap СЕО және негізін қалаушыларының бірі. EasyTap — бизнеске уақытша, бірнеше сағатқа немесе аптаға қызметкерлерді табуға көмектесетін қызмет. Қазақстаннан басқа, бұл стартап Өзбекстан мен Қырғызстан нарықтарында жұмыс жасайды.
Адмет Ахтер, @admet_akhter
Үш жылдан астам тәжірибесі бар IT-кәсіпкер. CEO және Introdex стартапының негізін қалаушыларының бірі. Сондай-ақ, барлық көлемдегі және саладағы компаниялар үшін цифрлық әріптестік моделін енгізген Орталық Азиядағы алғашқы Akhter Studios IT-компаниясының негізін қалаушы.
Асет Хасенов, @asset.khassenov
CEO және Biny.co онлайн қызмет қосымшасының негізін қалаушысы және 2023 жылы Forbes Kazakhstan-ның «30-дан 30-ға дейін» рейтингіне кірген кәсіпкер.
Мадияр Төлеуғали, @madiyarr
CEO және UvU қосымшасының негізін қалаушыларының бірі. 2022 жылы Forbes Kazakhstan-ның «30-дан 30-ға дейін» рейтингіне енген кәсіпкерлік және инновация саласындағы жас стартап иесі.
Тота Сматова, @tota_smatova
СЕО және CheckDoc-тың негізін қалаушысы. CheckDoc — бұл сізге қажет талдауларға (анализ) қысқа мерзімде тапсырыс беруге болатын ыңғайлы платформа. Компания Алматы, Астана және Қазақстанның басқа да қалаларында 100-ден астам зерттеу түрін ұсынады.
Жанаділ Талдыбаев, @zhanadilt
CEO және CodiPlay негізін қалаушы. CodiPlay студенттерге Scratch, C++, және Python бағдарламалау тілдерін мобильді ойындар арқылы үйренуге шақырады. Стартап 2024 жылы Ұлыбритания нарығына шықты.
The Tech в Telegram Подписывайтесь на The Tech в Telegram
Будьте в курсе всех последних новостей из мира технологий и стартапов.