IT-саласында жоғары білім: Қазақстан-Америка Университетіне шолу
Автор материала - Mansur Ismagulov
The Tech AI
Читайте главное за несколько секунд - краткий пересказ от The Tech AI.
Қазақстан-Америка Университеті — цифровое образование, предлагающее студентам первого курса возможность попробовать 12 направлений. Аккредитация IQAA, топ-10 в стране (2020), программа «Бизнес и ИТ» с фокусом на графический дизайн, веб-разработку и AI. Партнеры: nFactorial, Astana Hub, Visa. Мобильность: стажировки в США (3 месяца), обучение в Европе/Турции/США. Диплом SITE (Швейцария). Студенческая жизнь активна: 15 организаций, Nomad House для стартапов, общежитие.
Қазақстан-Америка Университеті ерекше оқыту тәсілін ұсынады: бірінші курс студенттері нақты мамандықты таңдамай, 12 түрлі мамандықты «сынап көру» мүмкіндігіне ие. Бұл университет — алғашқы digital университеті. Әрбір студент бірінші курстан бастап IT негіздерін оқиды, бұл оларды заманауи нарықтың талаптарына сай дайындайды.
Университеттің аккредитациясы халықаралық IQAA аккредитациясынан сәтті өтті. 2020 жылы университет еліміздегі үздік 10 жоғары оқу орнының қатарына кірді.
Бакалавриат бағдарламалары
IT-саласында білім алғысы келетіндер үшін «Бизнес және ақпараттық технологиялар» мамандығы бар, мұнда студенттер графикалық дизайн, веб-программалау, жасанды интеллектпен жұмыс істеу, IT-стартаптарды құруды меңгереді.
Университет саланың мықты сарапшыларын жинап, студенттер үшін жоғары сапалы білім береді.
Студенттер үшін мүмкіндіктер
Университеттің әріптес академиялық ұйымдары арасында nFactorial, SmartTestPrep, Blockchain and AI Center, Astana Hub, Visa және басқа да көптеген компаниялар бар. Студенттер осы серіктестерден тәжірибелік білім алып, үздік студенттер жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады.
Сонымен қатар, студенттер тәжірибе алмасу бағдарламасы бойынша үш айға АҚШ-қа барып, университеттер мен IT-компанияларда жұмыс істей алады.
Академиялық мобильдік
Студенттер Еуропа, Түркия және Америкада білім ала алады. Академиялық мобильдікке қатысу үшін студенттердің оқу үлгерімі жақсы болуы қажет.
Серіктес ЖОО
Негізгі серіктес университет — Швейцарияның SITE университеті. Барлық КАУ студенттері шетелдік үлгідегі екінші диплом алады.
Студенттік өмір
Университетте студенттік өмір қызықты әрі белсенді өтеді. Жыл сайын студенттерді қарсы алу шаралары, студенттік көктем және басқа да мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. 15 студенттік ұйым жұмыс істейді, олардың ішінде KAU Ambassadors студенттері университет туралы ақпаратты Қазақстанның түкпір-түкпіріне жеткізіп жүр. Nomad House ұйымы студенттердің IT-стартап жобаларын қаржыландырады.
Университет аумағында студенттерге арналған жайлы жатақхана бар. Сондай-ақ, университетке жақын орналасқан хостелдермен келісімдер жасалған.
The Tech в Telegram Подписывайтесь на The Tech в Telegram
Будьте в курсе всех последних новостей из мира технологий и стартапов.