Jusan Bank өз атауын Alatau City Bank деп өзгертті
Jusan Bank өзінің атауын Alatau City Bank АҚ болып өзгертеді. Банктің Жарғысына тиісті өзгерістер 2025 жылдың 15 мамырында өткен жылдық жалпы акционерлер жиналысының шешімімен енгізілді. Банктің атауы ресми түрде мемлекеттік қайта тіркеуден өткен күннен бастап өзгереді. Атаудың өзгеруі Банктің жаңар
Автор материала — Mansur Ismagulov
Jusan Bank өзінің атауын Alatau City Bank АҚ болып өзгертеді. Банктің Жарғысына тиісті өзгерістер 2025 жылдың 15 мамырында өткен жылдық жалпы акционерлер жиналысының шешімімен енгізілді.
Банктің атауы ресми түрде мемлекеттік қайта тіркеуден өткен күннен бастап өзгереді. Атаудың өзгеруі Банктің жаңарғанын, әрі қарай даму мен жаңғыртуға бейілді екенін білдіреді. Банк Қазақстанның барлық өңірлерінде жеке тұлғаларға, кәсіпкерлерге және корпоративтік клиенттерге кең ауқымды қызмет көрсететін ірі әмбебап қаржы институты болып қала береді.
Alatau City Bank өз қызметін жүргізіп отырған өңірлерде позициясын күшейтуді жалғастырады, филиалдық желіні жаңғыртады, жаңа цифрлық шешімдер мен заманауи клиенттік сервисті дамытуға инвестиция салады. Банктің мемлекет, клиенттер мен серіктестер алдындағы барлық қолданыстағы міндеттемелері өзгеріссіз қалады, ребрендинг банк қызметтері мен өнімдерінің жұмысына әсер етпейді.
Банк кеңселері мен бөлімшелерінің визуалды безендірілуін жаңарту, сондай-ақ басқа да визуалды айдентиканы өзгерту үдерісі кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Бизнес стратегиясын жаңғырту, басым даму бағыттары мен өнім желісін жаңарту бойынша келесі қадамдар туралы Банк өз клиенттерін, серіктестерін және барлық мүдделі тараптарды уақтылы хабардар етіп отырады.
Alatau City Bank — Қазақстандағы жетекші банктердің бірі, активтер көлемі бойынша елдегі үздік 6 банктің қатарына кіреді және меншікті капитал көлемі бойынша үшінші орында тұр.
The Tech в Telegram Подписывайтесь на The Tech в Telegram
Будьте в курсе всех последних новостей из мира технологий и стартапов.
Читайте по теме
Другие материалы автора
Новость
zypl.ai начинает работу в Японии и фокусируется на риск-моделях нового поколения
Mansur Ismagulov
Новость
Состояние Илона Маска впервые превысило $700 миллиардов
Mansur Ismagulov
Статья Интервью
«Страны Центральной Азии должны строить совместную экосистему», — Бехзод Исмоилов о развитии ИИ в регионе
Mansur Ismagulov
Статья Интервью
Таксономия Блума и инженерные уровни: практическая модель роста
Mansur Ismagulov
Статья Полезное
Как развивалась IT-индустрия Азербайджане в 2025 году: главные события
Mansur Ismagulov
Новость
Таджикистан стал новым участником регионального инновационного альянса Central Asian Innovation Hubs
Mansur Ismagulov