# Astana Hub Battle: 3 минутта $ 10.000 ұтып ал!

28 қазаннан 29 қазанға дейін халықаралық [Digital Bridge-2021](<http://digitalbridge.kz/>)форумы аясында офлайн форматта стартаптардың шайқасы өтеді. Үздік технологиялық кәсіпкерлер өз өнімін дамытуға ақшалай чектерге ие болады.

**Жүлделік қор:**

1 орын — 10,000 USD

2 орын — 5,000 USD

3 орын — 3,000 USD

**Талаптар:**

- MVP немесе MVO сатысындағы экспортқа шығу әлеуеті бар жоба
- Нарықтағы тәжірибесі екі жылдан аспауы тиіс
- Командада кем дегенде 2 негізгі қатысушының болуы

**Astana Hub Battle 2021 қалай өтеді?**

- Сұранымдар digitalbridge.kz/battle сайтында 25 қазанға дейін қабылданады
- Жартылай финал: 100 ең бәсекелі жоба жартылай финалға өтіп, минуттық презентациямен офлайн сөз сөйлейді.
- Финал: Эксперттік қазылар алқасының шешімімен 10 үздік жоба digitalbridge.kz бас сахнасында 3-минуттық презентациямен сөз сөйлейді.
- Іріктеудің 2 кезеңінің қорытындылары бойынша — жартылай финал мен финал — жеңімпаздар анықталады.

Astana hub Battle финалистері Цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің қатысуымен өтетін Digital Bridge-2021 форумының жабық гала-қонағасына шақырылады.

Қатысуға сұранымдар [**digitalbridge.kz/battle**](<http://digitalbridge.kz/battle>) сайтында 25 қазанға дейін қабылданады.
