# 2024 жылы Қазақстандағы IT-индустриясының дамуы: басты оқиғалар

Қазақстанның IT-индустриясы қарқынды дамып, жыл сайын халықаралық аренада өз позициясын нығайтып келеді. Ол жасанды интеллект, IT-қызметтердің экспорты және стартаптарды қолдау сияқты бағыттарда ілгерілеп келеді. 2024 жылы осы сектордың дамуына әсер еткен негізгі жетістіктер мен үрдістерге тоқталайық.

**Негізгі жетістіктер мен трендтер**

**[KazLLM — қазақ тіліне арналған үлкен тіл моделін әзірлеу](<https://the-tech.kz/v-kazahstane-razrabotana-bolshaya-yazykovaya-model-kazllm/>)**Бұл бірегей жоба қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі қолдануын арттыруға, бизнеске, ғылымға және қоғамға қолдау көрсетуге бағытталған. Ол құжаттарды аудару мен өңдеуден бастап, қарым-қатынасты автоматтандыруға дейінгі әртүрлі тапсырмаларды орындай алады.

**[Tomorrow School — жасанды интеллект дағдыларын оқыту мектебі](<https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/876805>)**Tomorrow School — 01 Edu платформасының негізінде жұмыс істейтін Astana Hub компаниясының Қазақстандағы алғашқы peer-to-peer жасанды интеллект мектебі.

**[Қазақстанның IT-қызметтерін экспорттауы](<https://the-tech.kz/eksport-it-uslug-kazahstana-vyros-v-20-raz-za-5-let/>)**Қазақстан әлемдегі ең цифрландырылған 30 мемлекеттің қатарына кіреді және онлайн-қызметтер бойынша 8-орында тұр. 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында IT-қызметтер экспорты $306 миллионға дейін өсті.

**Сингапур мен Эр-Риядтағы инновациялық хабтардың ашылуы  
**2024 жылы Сингапур мен Эр-Риядта Орталық Азия стартаптарына арналған маңызды инновациялық хабтар ашылды. Сингапурдағы Nomadiq Innovation Hub стартаптарға ірі компанияларға ғана қолжетімді болатын құралдар мен жеке қолдауды ұсынады. Ал Эр-Риядтағы Al-Farabi Innovation Hub қазақстандық стартаптарға инвестициялар, инкубация, акселерация және Сауд Арабиясындағы даму мүмкіндіктерін ұсынады.

**Цифрлық басқару бойынша жаһандық рейтинг  
**Қазақстан UN E-Government Survey 2024 жаһандық рейтингінде 24-орынға көтеріліп, өз позициясын 4 сатыға жақсартты.

**Ел мен IT-компаниялардың жаңалықтары**

**[EPAM Systems басшысымен кездесу](<https://the-tech.kz/premer-ministr-kazahstana-obsudil-s-glavoj-epam-systems-razvitie-sovmestnyh-it-reshenij/>)**Қазақстанның Премьер-Министрі EPAM Systems басшысымен технологиялар нарығының әлемдік даму трендтері мен жасанды интеллект зертханасын ашу аясында бірлескен бизнес шешімдер мен зерттеу бастамаларын дамыту мәселелерін талқылады.

**[Alaqan стартапының биометриялық верификация жобасы](<https://the-tech.kz/proekt-biometricheskoj-verifikaczii-kazahstanskogo-startapa-alaqan-rasshiryaetsya-v-gosudarstvennye-uchrezhdeniya/>)**Бұл технология балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға, қызметкерлердің кіріп-шығуын тіркеуге және бюджет шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

**[Тәжікстанға экспортталған қазақстандық IT-шешімдер](<https://the-tech.kz/kazahstan-eksportiroval-svoi-it-resheniya-v-tadzhikistan/>)**Қазақстан Smart Bridge электронды үкімет платформасы, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының біртұтас платформасы және Smart Data Ukimet ақпараттық-аналитикалық жүйесін Тәжікстанға экспорттады.

**[Telegram-ның Қазақстандағы кеңсесі](<https://the-tech.kz/telegram-otkroet-ofis-v-kazahstane-dlya-povysheniya-kontrolya-nad-kontentom/>)**Қазақстандағы Telegram кеңсесінің ашылуы билік сұраныстарына жедел жауап беруге және пайдаланушыларға сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

**[Freedom Holding Corp. NASDAQ-та сауда-саттықты аяқтады](<https://the-tech.kz/freedom-holding-corp-zakryla-torgi-na-nasdaq/>)**Freedom Holding Corp. компаниясы әлемдегі ең жоғары технологиялық NASDAQ биржасында сауда-саттықты аяқтады, бұл оның нарықтағы маңызды ойыншы ретіндегі мәртебесін растайды.

**[Kaspi Түркия нарығына шығады](<https://www.instagram.com/thetech.media/p/DBQvnyGI0w-/>)**Kaspi Түркиядағы жетекші маркетплейс Hepsiburada-ны сатып алғанын жариялады, осылайша Түркияның электрондық сауда нарығындағы қатысуын нығайтты.

**[TSARKA — Орталық Азияның киберқалқаны](<https://the-tech.kz/my-stroim-kiber-shhit-czentralnoj-azii-i-tyurkskogo-mira-olzhas-satiev-o-budushhem-czifrovoj-bezopasnosti/>)**Олжас Сатиев басқаратын TSARKA Group жоғары деңгейдегі қорғанысы бар смартфон жасауды және киберқауіпсіздік саласында Әзербайжанмен ынтымақтастықты күшейтіп, Қырғызстанда жаңа кеңсе ашуды жариялады.

**[byb capital венчурлық қоры](<https://the-tech.kz/v-kazahstane-otkrylsya-novyj-venchurnyj-fond-byb-capital/>)**Бұл қор алғашқы кезеңдегі стартаптарға, сондай-ақ Қытай, Үндістан, Оңтүстік-Шығыс Азия және АҚШ-ты қамтитын ғаламдық перспективалық жобаларға инвестиция салуға бағытталған.

**Central Asia Innovation Hubs бренді  
**Орталық Азияның ірі технопарктері — IT Park Uzbekistan және Astana Hub, аймақтық стартап экожүйесін ілгерілету және инновациялық әлеуетті дамыту үшін Central Asia Innovation Hubs брендімен бірікті.

**Жылдың табысты IT-стартаптары**

**CodiPlay**  
Оқушыларды геймификация арқылы бағдарламалауға үйрететін CodiPlay стартапы Ұлыбританияда Digital Innovation of the Year марапатын жеңіп алып, үздік білім беру жобасы деп танылды. Сондай-ақ, премьер-министр CodiPlay-ды Қазақстан мектептеріне енгізуді тапсырды. Бұл оқушылардың цифрлық дағдыларын дамытуға және заманауи білім беру ортасын құруға мүмкіндік береді.

**CerebraAI**  
CerebraAI стартапы Таяу Шығыстағы Global Health Exhibition медициналық конференциясында өткен Innov8 халықаралық байқауының жеңімпазы атанды. Негізін қалаушы Досжан Жусупов ұсынған жоба жылдың үздік инновациялық шешімі ретінде танылды.

**Hero’s Journey**  
2024 жылдың жазында Hero’s Journey стартапы $6 миллион инвестиция тартып, Қазақстан стартаптары арасындағы ең ірі қаржыландыру раундтарының бірін жүзеге асырды.

**EasyTap**  
EasyTap стартапы Орталық Азиядағы қызмет аясын кеңейтуде. Өткен жылы Қырғызстан нарығына шыққан компания биыл Өзбекстанда жұмысын бастады, сондай-ақ MCosmetic ірі косметикалық дүкендер желісімен келісімшарт жасасты. EasyTap Fintech Stars 2024 байқауында жеңіске жетіп, $50 000 көлемінде бас жүлдеге ие болды.

**Call2action.ai**  
Бұл стартап АҚШ нарығындағы қызметін белсенді түрде кеңейтуде. 40-тан астам американдық көлік компаниясы инновациялық өнімге қызығушылық танытса, екеуі коммерциялық негізде клиент атанды, ал үшеуі пилоттық жобалар аясында серіктестік құрды.

**1Fit**  
Қазақстандық 1Fit стартапы алғаш рет $4 миллионнан астам табыс тапты. 2024 жылы Малайзия, Мексика және БАӘ елдерінде іске қосылуы нәтижесінде стартаптың 12,5% табысы Орталық Азиядан тысқары сатылымдарға тиесілі болды.

**Қазақстандық стартаптар халықаралық аренада**  
Silkroad Innovation Hub TechCrunch Disrupt 2024 шарасында Орталық Еуразиядан 24 стартапты ұсынды. Қазақстандық жобалардың қатарында Yaya, Arlan Biotech, FOREST HERO, Call2action, pwron.ai, Bult, Parqour және TrustExam болды.

**2024 жылы елде өткен ірі IT-ивенттер**

2024 жылы Қазақстан кәсіби мамандарды, кәсіпкерлерді және сарапшыларды бүкіл әлемнен тартқан ірі IT-шаралардың орталығына айналды. Солардың ішінде: Digital Almaty 2024, Astana Finance Days 2024, Kolesa Conf 24, Connected 2024, BeWoman. KazHackStan 2024 аясында қызықты хакатондар өтті, ал ICPC World Finals 2024 әлемнің үздік студент-бағдарламашыларын жинады. Сонымен қатар, beetech conf 2024, CIO & CISO Forum Eurasia 2024 және Central Eurasian Venture Forum мамандар мен кәсіпкерлер үшін соңғы технологиялық және стартап тенденцияларын талқылады.

**Digital Almaty 2024 рекорды**  
Үш күн ішінде халықаралық цифрлық форумды 30 000-нан астам ерекше келуші тамашалады. Шараның басты тақырыбы — «Индустрия Х: Болашақтың цифрлық эволюциясы».

Бұл шаралар Қазақстанның халықаралық IT-аренадағы жетекші ойыншы ретіндегі орнын нығайтудағы маңызды қадам болды.

**Қауымдастықтар мен бағдарламалардың қорытындысы**

**[RS Bootcamp](<https://the-tech.kz/rs-platform-anuar-lenzat-o-novoj-platforme-kotoraya-pomogaet-zapustit-startap-s-nulya/>)**  
Ануар Лензат пен Асет Досымханның құрған жаңа платформасы стартапты нөлден бастап іске қосуға мүмкіндік береді.

**Women in Tech Kazakhstan қауымдастығы  
**2024 жылдың 4 қыркүйегінде Алматыда Women in Tech Қазақстан бөлімшесі ресми түрде ашылды. Бұл ғаламдық қозғалыстың бір бөлігі болып табылады және әйелдерді технология саласында алға жылжытуға бағытталған.

**TechnoWomen қауымдастығы KazLLM жобасының командасына қосылды**  
TechnoWomen қауымдастығының жобадағы мақсаты — жасанды интеллектте гендерлік компонентті ескеріп, алалаушылықты азайту және деректер мен алгоритмдерде гендерлік инклюзивтілікті қамтамасыз ету.

**Al-Farabi ScaleUp бағдарламасы**  
Al-Farabi Innovation Hub халықаралық Plug and Play Saudi платформасымен серіктесе отырып, стартаптарды қолдауға бағытталған Al-Farabi ScaleUp бағдарламасының алғашқы кезеңін бастады. Бағдарлама Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтеді.

**Astana Smart City бағдарламасы**  
Бағдарламаның мақсаты — инновациялық стартап жобаларын енгізу арқылы қала ортасын жақсарту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және заманауи технологияларды пайдалану арқылы қалалық мәселелерді шешу.

**Go Abroad бағдарламасы**  
Орталық Азия стартаптарына арналған бағдарлама, ол алты апталық онлайн акселераторды және АҚШ нарығына шығу үшін Кремний алқабында екі апталық офлайн курсты қамтиды.

**Тұлғалар**

**[Мурат Абдрахманов](<https://the-tech.kz/kak-najti-investora-murat-abdrahmanov-o-vazhnosti-netvorkinga-dlya-startaperov/>)**Өзінің венчурлық құрылымын MA7 Venture ашты.

**[Михаил Ломтадзе](<https://the-tech.kz/mihail-lomtadze-priznan-luchshim-ceo-po-versii-kazakhstan-growth-forum/>)**Михаил Ломтадзе Kazakhstan Growth Forum бойынша ең үздік CEO атанды. Гарвард Бизнес Мектебі Kaspi.kz туралы оқу материалын жариялады.

**[Асет Абдуалиев](<https://the-tech.kz/my-provodim-konferencziyu-chtoby-vyvesti-nash-region-na-tehnologicheskuyu-kartu-organizatory-central-asia-silicon-valley-o-vazhnosti-sobytiya/>)**Silkroad Innovation Hub-тың құрылтайшысы. Асрор Арабжановпен бірге Орталық Азия стартаптарына арналған маңызды алаңға айналған Central Eurasia Silicon Valley 2024 технологиялық іс-шарасын ұйымдастырды.

**[Багдат Мусин](<https://www.zakon.kz/obshestvo/6458962-novyy-rubezh-kazakhtelekom-pomenyal-bolee-100-tysyach-routerov-u-svoikh-klientov.html>)**Багдат Мусиннің жетекшілігімен «Казахтелеком» Sapa+ жобасын телекоммуникациялық қызметтерді жақсарту мақсатында белсенді дамытуды қолға алды. Компания Қазақстанның түкпір-түкпірінде 100 000-нан астам клиенттің ескірген маршрутизаторларын жаңасына ауыстырды.

**Жаслан Мадиев**  
2024 жылы цифрлық даму министрі болып тағайындалып, Қазақстанның IT-саласын цифрландыру, инновациялар және халықаралық байланыстарды нығайту бойынша көптеген бастамалармен дамытуды жалғастыруда.

**[Аслан Султанов](<https://the-tech.kz/kak-najti-investora-aslan-sultanov-o-venchurnyh-investicziyah-i-uspeshnyh-proektah/>)**Инвестор, Al-Farabi Innovation Hub-тың негізін қалаушы және CEO, сондай-ақ Al-Farabi ScaleUp халықаралық акселераторының соқосновательі — Орталық Азия стартаптарына жаһандық нарықтарда кеңеюге көмектесетін бағдарламаны іске асырушы.

**[Олжас Жиенкул](<https://the-tech.kz/kak-najti-investora-olzhas-zhienkul-ob-osnovnyh-kriteriyah-pri-vybore-startapa/>)**  
Қазақстандық кәсіпкер және инвестор, Nomadiq Innovation Hub-тың негізін қалаушы. Инновациялық жобаларды дамытуға және ерте кезеңдердегі кәсіпкерлер үшін мүмкіндіктер жасауға бағытталған жұмысын жалғастыруда.

**[Мағжан Мадиев](<https://weproject.media/articles/detail/magzhan-madiev-o-svoem-karernom-puti-ot-it-predprinimatelya-do-ceo-astana-hub/>)**  
Қазақстандық кәсіпкер және Astana Hub технопаркының CEO-сы, стартаптар мен инновациялар саласындағы бастамаларымен танымал. Ол Қазақстанда стартап экожүйесін дамытуда, IT-компанияларын қолдау және халықаралық инвестицияларды тартуға бағытталған күш-жігерін жұмсауда.

**[Арсен Томский](<https://weproject.media/articles/detail/kto-est-kto-arsen-tomskiy/>)**  
Арсен Томский Қазақстанда IT, ғылым және өнер саласындағы мамандарды даярлайтын inVision U университетін ашуды ұсынды. Сонымен қатар, Indrive Қазақстан нарығында 10 жылдығын атап өтті.

**[Батыр Сардарбеков](<https://www.instagram.com/p/C6LTrBxIKpD/>)**  
Қазақстандық Батыр Сардарбеков ICPC бағдарламалау бойынша әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бұл — Қазақстандықтардың осы байқауға қатысқанына 20 жыл ішінде жеткен алғашқы осындай жетістігі.
