# Сіздерді сұранысқа ие мамандарға айналдыратын қазақстандық IT-менторлар

Жаңа деңгейге көтерілулеріңізге көмектесетін керемет менторлар туралы шолуды ұсынамыз. Толығырақ біздің материалдан оқыңыз.

**Асем Болатжан, [@assem.bolatzhan](<https://www.instagram.com/assem.bolatzhan/>)  
**Women in Tech Kazakhstan және Qazaq IT Community қауымдастықтарының негізін қалаушы. Women in Tech Kazakhstan — IT-саласында жұмыс істейтін және ірі технологиялық жобалармен айналысатын қыздар көшбасшыларының тобы.

**Жанара Изимова, [@zhanara.izimova](<https://www.instagram.com/zhanara.izimova/>)  
**Жанара Изимова — Бірінші Қаржы Мектебінің негізін қалаушы, Technovation және Techgirls бағдарламалары бойынша қыздар мен әйелдерге қолдау көрсету жөніндегі ментор, сондай-ақ AuroraTechAwards әйелдер стартаптарының бағдарлаушысы.

**Дара Туменбаева,[@okdara](<https://www.instagram.com/okdara?igsh=NzBmMjdhZWRiYQ==>)  
**Қазақстандық кәсіпкер және IT-маманы. Дара Туменбаева бұрын Amazon компаниясында әзірлеуші болып жұмыс істеген, және қазіргі уақытта Doro.ai стартапының негізін қалаушы. Сонымен қатар Techie ladies Kazakhstan қауымдастығының амбасадоры.

**Аскар Айтуов,[@askarai\_](<https://www.instagram.com/askarai_?igsh=NzBmMjdhZWRiYQ==>)  
**Орталық Азия мен Моңғолия бойынша Google for Developers және Google for Startups бағдарламаларының үйлестірушісі. Орталық Азия бойынша Google-дағы алғашқы Program Manager. Products Central Asia курсының авторы.

**Жанар Махамбетова, [linkedin](<https://www.linkedin.com/in/zh-makhambetova/?originalSubdomain=kz>)  
**Жанар Махамбетова — Yandex Cloud Kazakhstan & CIS компаниясының CMO-сы. Менторлықпен айналысады және өз тәжірибесімен басқа мамандармен бөлісетін бағдарламаларға қатысады.

**Алия Марова, [linkedin](<https://www.linkedin.com/in/aliyamarova/?utm_source=share&utm_campaign=share_via&utm_content=profile&utm_medium=android_app>)  
**Кәсіпкер, адами капиталды дамыту саласындағы маман. Алия Марова — сертификатталған бизнес-тәлімгер және стартап трекері.

**Ботагоз Жуманова, [linkedin](<https://www.linkedin.com/in/botagoz-zhumanova-774349b6/?utm_source=share&utm_campaign=share_via&utm_content=profile&utm_medium=android_app>)  
**АХҚО Бюросында Be-A-Trainer бағдарламасының авторы. Human Capital бизнес-инкубаторының серіктесі. Менторлар жаттықтырушысы, жаттықтырушы-әдіскер, қаржылық және инвестициялық сауаттылық бойынша өз курстары мен бағдарламаларының авторы.

**Тимур Бектур, [@timurbektur](<https://www.instagram.com/timurbektur/>)  
**Тимурдың IT-саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар. Ол ChatGPT саласының эксперті және ақпараттық технологиялар саласында білім беру курстарының авторы.

**Ерболат Мамен, [@yerbolat.mamen](<https://www.instagram.com/yerbolat.mamen?igsh=NzBmMjdhZWRiYQ==>)  
**Қазақстандық IT-ментор. Qazaqsoft — мобильді қосымшалар мен веб-сайттарды әзірлейтін компаниясының негізін қалаушы.

**Карина Лян, [@karina\_lyan](<https://www.instagram.com/karina_lyan?igsh=NzBmMjdhZWRiYQ==>)  
**IT-саласының маманы, блогер, ментор және тимлид. Әзірлеу және тестілеу бағыттарын дамытады. Test.IT — тестілеу, frontend және backend әзірлеу мен автоматизация бағыттары бойынша буткэмпінің негізін қалаушы.

**Мереке Балтабай, [@ne\_mentor](<https://www.instagram.com/ne_mentor/>)  
**Сегіз жылдық әзірлеу және оқыту тәжірибесі бар IT-ментор. Технологиялар әлемінде білімдермен және шабытпен бөліседі. Мереке жеке оқытуға арналған курстарды өткізеді, жұмыс жоспары және бірнеше әдістемелер бар, оларды бірге таңдайды.

**Руслан Хузин, [@bayradion](<https://www.instagram.com/bayradion/>)  
**Руслан Хузин — IT-ментор, Reart.ai компаниясының негізін қалаушы, инди-әзірлеуші. Ең терең IT-идеяларды жүзеге асырып, осы процессімен бөліседі.
