# Қазақстанның IT саласын дамытуға үлесін қосқан 10 жас стартап иелері

Қазақстанда табысты және белсенді жұмыс істейтін стартаптарды құрған жас кәсіпкерлерді қарсы алыңыз.

**Мұрат Әлиханов, @amuriarty **

Кәсіпкер, бизнес-стратег, CEO және 1Fit қосымшасының негізін қалаушыларының бірі. Ол өзінің инновациялық тәсілімен және тұрақты қаржылық моделінің арқасында Орталық Азиядағы ең жылдам дамып келе жатқан стартап иесі ретінде танымал.

**Яна Тен, @yanaten.kr **

ZebraEye компаниясының CEO және негізін қалаушыларының бірі. Стартап сирек кездесетін көз ауруларын жасанды интеллект арқылы диагностикалау арналған медициналық технология құралы.

** Лаура Ералиева, @llaucam **

YAYA қосымшасының СЕО және негізін қалаушысы. YAYA — бүкіл ел бойынша балаларға арнлаған түрлі спорт, дамыту және ойын-сауық орталықтарына бірыңғай абонемент сатып алуға мүмкіндік беретін қосымша.

**Әділхан Рахымбеков, @rakhimbekovkz**

Abay Academy СЕО және негізін қалаушыларының бірі. Бұл жоба алты жыл ішінде 20 000-нан астам оқушы оқыған, Қазақстанның ең жылдам дамып келе жатқан білім беру жобаларының бірі.

**Магзум Төлеш, @magzum\_tolesh **

EasyTap СЕО және негізін қалаушыларының бірі. EasyTap — бизнеске уақытша, бірнеше сағатқа немесе аптаға қызметкерлерді табуға көмектесетін қызмет. Қазақстаннан басқа, бұл стартап Өзбекстан мен Қырғызстан нарықтарында жұмыс жасайды.

**Адмет Ахтер, @admet\_akhter **

Үш жылдан астам тәжірибесі бар IT-кәсіпкер. CEO және Introdex стартапының негізін қалаушыларының бірі. Сондай-ақ, барлық көлемдегі және саладағы компаниялар үшін цифрлық әріптестік моделін енгізген Орталық Азиядағы алғашқы Akhter Studios IT-компаниясының негізін қалаушы.

**Асет Хасенов, @asset.khassenov **

CEO және Biny.co онлайн қызмет қосымшасының негізін қалаушысы және 2023 жылы Forbes Kazakhstan-ның «30-дан 30-ға дейін» рейтингіне кірген кәсіпкер.

**Мадияр Төлеуғали, @madiyarr **

CEO және UvU қосымшасының негізін қалаушыларының бірі. 2022 жылы Forbes Kazakhstan-ның «30-дан 30-ға дейін» рейтингіне енген кәсіпкерлік және инновация саласындағы жас стартап иесі.

**Тота Сматова, @tota\_smatova**

СЕО және CheckDoc-тың негізін қалаушысы. CheckDoc — бұл сізге қажет талдауларға (анализ) қысқа мерзімде тапсырыс беруге болатын ыңғайлы платформа. Компания Алматы, Астана және Қазақстанның басқа да қалаларында 100-ден астам зерттеу түрін ұсынады.

**Жанаділ Талдыбаев, @zhanadilt **

CEO және CodiPlay негізін қалаушы. CodiPlay студенттерге Scratch, C++, және Python бағдарламалау тілдерін мобильді ойындар арқылы үйренуге шақырады. Стартап 2024 жылы Ұлыбритания нарығына шықты.
