# Қазақстандағы әйелдерге арналған 4 IT-қауымдастығы

Мұнда сіздер шабыттандыратын және табысты әйелдермен кездесіп, тәжірибе бөлісіп, IT-саласындағы өзекті тақырыптарды талқылай аласыздар.

**[Techno Women Kazakhstan](<https://technowomen.kz/en/home/>)**  
Бұл әйелдер ұйымы цифрлық әлемде барлық әйелдер үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, Орталық Азияда технологиялық салаларда жұмыс істейтін қыздар мен әйелдердің санын арттыруға және әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған.

**[Wonder Women Community](<https://wonderwomenhub.com/>)**  
Бұл жерде сапалы нетворкинг пен дамуға шабыт беретін әйелдер бар. Wonder Women Community-де сіз әлемнің түкпір-түкпіріндегі әйелдермен танысып, топ-эксперттермен офлайн және онлайн кездесулерге қатысып, челендждерге қатысып, даму үшін авторлық чек-листтер мен жинақтарды пайдалана аласыз.

**[Techie Ladies Kazakhstan](<https://t.me/+Q5TSBfPXtLxlNWZl>)**  
Бұл топтың басты мақсаты — қыздар арасында тәжірибе бөлісетін, бір-бірімен танысып, шабыт беретін, бірлесіп жобалар жасайтын қауымдастық құру.

**[Women Techmakers Kazakhstan](<https://www.instagram.com/wtm_kz/>)**  
Women Techmakers — Google-дің STEM саласында қыздар мен әйелдерді қолдауға бағытталған бағдарламасы. Бұл технологиялық саладағы әйелдерге бірдей ойлаушылар қауымдастығына қосылып, IT-саласында табысты даму үшін қажетті ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігін береді.
