GoDays — қызметкерлердің жұмыс орнындағы күйзелісін алдын ала анықтайтын стартап
GoDays негізін қалаушы өз стартапы мен бүгінгі жетістіктері туралы. Елнур Кай, Сеул қаласы, GoDays негізін қалаушы, Instagram Бәрі қалай басталды Біз күн сайын күйзеліспен бетпе-бет келеміз. Қызметкерлер, дәрігерлер, мұғалімдер мен студенттер — бәрі де күйіп-жанады. Біз адамдарға тапсырмалар қойып,
Автор материала — Mansur Ismagulov
GoDays негізін қалаушы өз стартапы мен бүгінгі жетістіктері туралы.
Елнур Кай, Сеул қаласы, GoDays негізін қалаушы, Instagram
Бәрі қалай басталды
Біз күн сайын күйзеліспен бетпе-бет келеміз. Қызметкерлер, дәрігерлер, мұғалімдер мен студенттер — бәрі де күйіп-жанады. Біз адамдарға тапсырмалар қойып, бір-біріне челендж жолдауға мүмкіндік беретін қосымша жасағымыз келді. Бірақ бұл идея ешкімге қажет болмады, біз сәтсіздікке ұшырадық. Содан кейін күйзеліс мәселесіне басқа қырынан қарауға тырыстық. Компьютерден. Ал адамдар компьютерде не қолданады? Дұрыс. Монитор, пернетақта және тінтуір. Сол кезде біз пернетақта арқылы адамның әрекет үлгілері мен күйзеліс деңгейін дәлірек бақылауға болатынын түсіндік. Осыдан соң біз оқыту моделін жетілдіруге ден қойдық.
Жоба басталған кезде біз бесеу едік. Төртеуіміз Шымкентте болдық. Бас техникалық директор, СТО, әрі теңқұрушы Димаш Айтқали Алматыда болатын. Біз Шымкенттегі ата-анамның жазғы ас үйінде отырып жұмыс істедік, нарықты зерттеп, түрлі компаниялармен байланыс орнаттық. Кейіннен біз стартаптар мен IT-компанияларда тәжірибесі бар шетелдік достарымызды тартуды бастадық.
Мақсатты аудитория
Біз компанияларға қызметкерлердің күйзелісінің алдын алу арқылы олардың жұмыс тиімділігін жоғалтпауға көмектесеміз. Қызметкерлердің жағдайы мен мүмкіндіктерін нақты уақыт режимінде көрсетеміз.
Біз IT-компаниялармен, қаржы ұйымдарымен, электрондық коммерция саласындағы бизнестермен және ірі корпорациялармен жұмыс істейміз.
Акселерациялық бағдарламалар
Алғашқы идеямен біз NURIS инкубациялық бағдарламасына қатыстық, сол жерде жеңімпаз атанып, екі миллион теңге грант ұтып алдық. Кейін біз әлемдегі ең беделді акселераторлардың бірі — 500 Global бағдарламасына қабылдандық. Онда бізге $100 000 көлемінде инвестиция беріліп, жобамызға қаржылай қолдау көрсетілді.
Қиындықтар
Біз кейде компания болуға тым қатты тырысып, өзіміздің стартап екенімізді ұмытып кетеміз. Икемділік танытып, мәселелерді әртүрлі жолмен шешуге болатынын естен шығарамыз. Бұған дейінгі басты қиындық — Орталық Азиядағы компанияларға олардың шын мәнінде проблемалары бар екенін және соларды біз шеше алатынымызды түсіндіру болды. Нәтижесінде бізге Шығыс Азиядағы компаниялар көбірек қызығушылық танытатынын түсіндік.
Жетістіктер
Біз халықаралық қорлар мен жеке инвесторлардан жалпы көлемі $565 000 көлемінде инвестиция тарттық. Қазіргі таңда алты елдің нарығына шықтық. Ұлттық компаниялармен және ірі корпорациялармен жұмыс істейміз. Бүгінде 25 000-нан астам қызметкерге көмектесіп жатырмыз. Сонымен қатар, адамдардың мінез-құлық үлгілерін зерттеп, оны адам игілігіне қолдануға бағытталған жасанды интеллект зертханасын ашып жатырмыз.
Жоспарлар
Жыл соңына дейін 10 ірі корпорацияны жүйеге қосып, Шығыс Азия нарығына шығуды, сондай-ақ сату және бизнес жөніндегі команда мүшелерінің бір бөлігін Оңтүстік Корея мен Жапонияға көшіруді жоспарлап отырмыз.
Сонымен қатар, осы елдерге байланысты бірнеше ірі жаңалықтарды жариялауға дайындалып жатырмыз.
The Tech в Telegram Подписывайтесь на The Tech в Telegram
Будьте в курсе всех последних новостей из мира технологий и стартапов.
Читайте по теме
Другие материалы автора
Новость
zypl.ai начинает работу в Японии и фокусируется на риск-моделях нового поколения
Mansur Ismagulov
Новость
Состояние Илона Маска впервые превысило $700 миллиардов
Mansur Ismagulov
Статья Интервью
«Страны Центральной Азии должны строить совместную экосистему», — Бехзод Исмоилов о развитии ИИ в регионе
Mansur Ismagulov
Статья Интервью
Таксономия Блума и инженерные уровни: практическая модель роста
Mansur Ismagulov
Статья Полезное
Как развивалась IT-индустрия Азербайджане в 2025 году: главные события
Mansur Ismagulov
Новость
Таджикистан стал новым участником регионального инновационного альянса Central Asian Innovation Hubs
Mansur Ismagulov